A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына ағаш отырғызу басталды
Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына ағаш отырғызу басталды

Алматыда «Jasyl meken» қалалық акциясы барысында Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызу басталды.

1975 жылдың сәуірінен Водозаборный көшесі Әл-Фараби даңғылына айналған кезден бастап 30-ға жуық түрлі ағаш түрлері отырғызылды, алайда олардың ішінен небәрі талшын, қарағай пен шырша ғана тамыр жайды. Сондықтан отырғызу үшін ағаштың осы түрлері ғана таңдап алынды.

Жалпы, даңғыл жиегіне жерігілікті питомниктерде өсірілген 800-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Бұлардан өзге, 2,5 мың шаршы метрден астам жерге гүлдер отырғызылады.

Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестікпен бірге бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегі арқасында жүргізуде. Яғни, жобаны жүзеге асыруға бюджет теңгесінің бір тиыны да жұмсалмайды.

Ағаш отырғызу жұмыстары 10 сәуірге дейін толық аяқталады.

Жақын арада Алматы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Jasyl meken» акциясы барысында қаланың барлық аудандарында 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

01.04.2019