A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда Қала құрылысы кеңесінің құрамы жаңарды және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігі берілді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Қала құрылысы кеңесінің құрамы жаңарды және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігі берілді

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен өткен V шақырылымдағы Мәслихаттың XLIII сессиясында депутаттар бірқатар мәселелерді қарады және Қала құрылысы кеңесінің құрамын жаңарту, қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру мүмкіндігін беру туралы шешімдерді бекітті.

Депутаттар «Алматының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» және электронды жол жүру карталарына сәйкес қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде, сондай-ақ 15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына, күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігін беру туралы шешімдерді қабылдады. Бұлардан өзге, электрондық жол жүру карталарға сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілетін болды.

Қала әкімі қазіргі күрделі жағдайда аға буын өкілдеріне қолдау білдірудің қажет екендігін атап өтті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге үнемі ерекше ықылас білдіріп келеді. Бүгін 75 жастан асқан тұлғалардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруі туралы шешімнің бірауыздан қабылдануы тұрғындар арасында қолдауға ие болатындығына сенімдімін», - деді Б.Байбек.

Депутаттар Қала құрылысы кеңесінің жаңа дербес құрамы туралы мәселені де қарады. Қала құрылысы кеңесінің жаңарған құрамына кәсіби құрылымдар басшыларымен бірге бизнесмендер, аудан әкімдері, Мәслихат депутаттары енді.

Әкім мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерлер мен меценаттардың маңызды рөл атқаратындықтарын атап өтті. Олардың жаңа құрамға енуі бизнестің дамуына, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жеке сектордың қатысуына жол ашатындығын айтты.

«Бүгінгі күні бизнес мемлекеттің жасампаз күші және экономиканың драйвері болып табылады. Қала құрылысы кеңесі - маңызды құрылым, осында қабылданған шешімдер Алматы мен аудандардың кешенді дамуына ықпал етеді. Кейде, өкінішке орай, аудан әкімдерінің келісімінсіз шешімдер қабылданып жатады. Бизнесмендер мен әкімдер жұмыстың барынша тиімді атқарылуына әсер ететін болады», - деп атап өтті Б.Байбек.

Осылайша, Қала құрылысы кеңесінің жаңарған құрамына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, қала мәслихатының хатшысы Калдыбай Казанбаев, қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, Алматы әкімдігі аппаратының басшысы Марат Сембеков, қалалық Мәслихат депутаты Артур Котенев, Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин, «ҚазҚСҒИ» АҚ Бас директоры Нұрлан Ұранхаев,«Astana Group» ЖШС президенті Нұрлан Смағұлов, «Capital Partnes» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Сержан Жұмашев және қаланың барлық аудандарының әкімдері енді.

15.09.2015