A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ҚР Конституция күні мерекеленуде

Алматыда ҚР Конституция күні мерекеленуде

Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Мәслихат депутаттары, этномәдени орталықтар, дипломатиялық корпустар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қала басшысы ел өмірінде Ата Заңның алатын рөліне ерекше тоқталды. Конституция тәуелсіздігіміздің, тиімді мемлекеттік- құқықтық жүйені қалыптастырудың, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудың, Қазақстанның болашаққа нық қадам басуының негізі болып табылады. Осыдан 21 жыл бұрын еліміз, қоғам мен мемлекет түбегейлі өзгеріске бет бұрған кезде Қазақстан халқы жалпыхалықтық референдум барысында Конституция қабылдау жөніндегі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдірген еді.

«Сонау 90-шы жылдары бұл қадам елімізді одан әрі дамытудың, дағдарыс кезіндегі көлемді құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың бастауына айналды. Жаңа Конституция бірауыздан қабылданды. Тәуелсіздік жылдары елімізге 255 млрд. доллар шетелдік инвестиция тартылды, осылайша әлемдік қоғам біздің елімізге сенім білдірді. Экономиканың жедел қарқынмен дамуы қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал етті. Мысалы, орташа жалақы 17 есе өсті. Тәуелсіздік жылдары 1400 мектеп, 100 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Қазақстандықтардың орташа өмір сүруі 72 жасқа ұзарды. Ал Алматыда бұл цифр 75 жасты құрайды», - деді Б.Байбек.

Қала әкімі мемлекеттік саясаттың басты факторы адами капитал екендігін жеткізді. Ол Конституцияның көпұлтты және көпконфессионалды мемлекетімізде тұрақтылықтың қайнар көзі болып табылатындығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының кемеңгер саясаты арқасында біз тәуелсіздік жылдары бірлік пен тұрақтылық барысында азаматтық қоғамды қалыптастырдық. Бұл ретте «Мәңгілік Ел» идеясының маңызы зор. Біз Конституцияның Алматыда, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аталып өтетін алтын бесікте қабылданғанын әрқашан мақтан етеміз. Егер сонау 90-шы жылдардың басында Алматы ЖӨӨ-дің оннан бір бөлігін ғана қамтамасыз етсе, бұл күндері ел экономикасының бес бөлігін береді. Тәуелсіздік жылдары Алматы қарышты қарқынмен даму үстінде», - деді Б.Байбек.

Қала басшысы ҚР Конституциясының басты байлығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігін қадап тұрып айтты.

«Біздің Негізгі заңымыз әр адамның қабілет- қарымының ашылуына, өз тағдырын жасауына, бақытты болашағына ықпал етті. Сондықтан біз Конституцияны көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз», - деді әкім.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
29.08.2016