A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Оңтүстік Корея туристерінің қатары артуда

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстандағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Ёнг Чонды қабылдады.

Қала басшысы қазақстандық - оңтүстік кореялық қарым-қатынастың, соның ішінде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, медициналық байланыстың жоғары деңгейде және Алматының Тэгу қаласымен бауырлас екендігін атап өтті.

Мысалы, мегаполисте бүгінгі күні 167 бірлескен және 461 корейлік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелген. Тауарайналымы мен туризм өсуде. Алматыға жыл басынан бері Оңтүстік Кореядан 7842 турист келген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14,64 пайызға көп. Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Корея біздің елімізбен визасыз режиммен жұмыс істейтін 10 елдің қатарында.

Алматыда үлкен корейлік диаспора, Корей театры жұмыс істейді, корей магазиндері мен мейрамханалары да бар. Мәдени байланыс нығая түсуде.

Өз кезегінде Корей дипмиссиясының басшысы қала әкіміне жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, Алматының даму барысын, оның ғажап табиғатын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар біріккен шешімдер қабылдау үшін Алматыдағы Корей бизнесі Комитетінің тоқсан сайынғы отырыстарына әкімдік өкілдерінің қатысуы туралы келісім жасасты. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның тағы бір қаласы Кенжумен бауырластық қарым- қатынас орнатуға уағдаласты.

01.07.2015