A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда 2015 жылдың бюджеті бекітілді
Алматыда 2015 жылдың бюджеті бекітілді Бүгін Алматыда Мәслихаттың XXXVI сессиясында алдағы 2015 жылдың бюджеті 415,4 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Бюджет жобасы 2015-2017 жылдарғы кезеңге жасалған макроэкономикалық көрсеткіштер базасы негізінде жасалды. Республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттерді ескере отырып, Алматының 2015 жылғы нақтылы бюджеті 331 миллиард 725 миллион теңгені құрайды. Мегаполис басшысы әлемдік экономикалық ахуалдың төмендеуіне қарамастан Алматыда барлық көрсеткіштер тұрақты екендігін атап өтті. «Үстіміздегі жылдың соңына дейін ЖӨӨ көлемі 8 трлн. теңгеге жетіп, 6,3%-ға артады деп күтілуде. Инфляция деңгейі 7% төмен болмақ. 2015 жылдың жергілікті бюджетіне келетін болсақ, біз оны барынша оңтайландырдық. Бөлінген әрбір бюджеттік теңгенің қайтарымы мол әрі әлеуметтік,экономикалық тиімділігі жоғары болуы, жаңа жұмыс орындары құрылуы, салық төленуі тиіс», - деді Ахметжан Есімов. Алматы әкімі шығындарды оңтайландыру әлемуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға еш кедергі келтірмейтіндігін ерекше атап өтті. Қала басшысы «Нұрлы жол» бағыты аясында мемлекеттік органдар өзара тиімділіктерін арттырулары тиіс екендігін де баса көрсетті. «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Ұлттық қордан үш жыл ішінде жыл сайын 3 млрд. доллардан бөлінетін болады. Қаңтар айында Ұлттық экономика министрлігі бұл қаржыны бөледі. Біз осы бағытта барынша тиімді жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл жол айрықтарын, арендалық тұрғын үйлерді, туризм обьектілерін салуға, көшелерді жасауға қатысты», - деді Ахметжан Есімов. Назарларыңызға, қаланың 2014 жылғы бюджеті 303 млрд. теңге көлемінде қабылданған еді, биылғы жылдың соңына қарай Алматы бюджетінің ұлғаюы 53 млрд. теңгені құрады.
10.12.2014