A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады
Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады

Алматыда Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызудың дайындық жұмыстары басталды.

Жергілікті питомниктерде өсірілген ірі көлемді ағаштар – талшын, қарағай, шырша отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар өсіріледі.

Ескі қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін жалғасады, гүл өсінділерін даярлау бес күнге, 1-5 сәуірге созылады.

Жұмыс барысы кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция Департаментіне жол-патруль топтарының санын ұлғайту тапсырылды.

Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестікпен бірге бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегі арқасында жүргізуде.

28.03.2019