A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда «Tokyo Rope Almaty » зауыты іске қосылды

Алматыда «Tokyo Rope Almaty » зауыты іске қосылды

07 қараша 2016

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Алматыдағы жапондық зауыттың дистанци ялық іске қосылу шарасына қатысты. «Tokyo Rope Almaty» - Жапониядан тысқары орналасқан әрі әлемде аналогы жоқ габионды тор шығаратын зауыт. Кәсіпорын құрылтайшысы -жоғарытехнологиялы металл өнімін шығаратын Tokyo Seiko ірі жапондық корпорация.

Шара барысында Алматыда Жапонияның іскерлік клубын және Индустриалды аймақта индустриалды паркті құру туралы меморандумға қол қойылды, осының арқасында Алматыда индустриялық, инвестициялық аухалды күшейту барысында тараптар арасында байланыс барынша жақсаратын болады.

«Бүгінгі күні мегаполисте инвесторлар үшін барлық жағдайлар жасалуда. Биылғы жылы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың және Арнайы экономикалық аймақтағы «Алатау инновациялық технологиялар паркінің» екінші кезегінің құрылыстары аяқталады. Алматының индустриалдандыру Картасы екінші бесжылдығының аясында құны 175 млрд. теңге болатын 80 жоба жүзеге асып, 11 мың жұмыс орны пайда болады. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорын іске қосылды. Қалада биыл 10 трансұлттық компаниялар тартылды. Бүгін біз «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қостық. Сонымен қатар, Tokyo Rope компаниясымен Алматыда Жапонияның іскерлік клубы мен Индустриалды аймақта жапондық индустриалды парк ашу туралы меморандумға қол қойдық. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бізге қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет», - деп атап өтті қала әкімі Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевпен болған телекөпір барысында.

«Токио Роуп» корпорациясының президенті Хироаки Накамураның айтуынша, «Tokyo Rope Almaty» зауыты жылына 5 мың тонна габионды тор шығаратын болады.

«Жоғарытехнологиялы және роботталған қондырғылар 5 мың тоннаға дейін болат өнімін шығаруға мүмкіндік береді әрі бұл өнімдер болашақта ТМД елдеріне, Монғолияға, Сауд Арабиясына, Ауғанстанға, Пәкістанға экспортталады. Қазірдің өзінде зауытқа Ресейден, Қырғызстан мен Грузиядан алдын- ала тапсырыстар келіп түскен. Біздің компания инфрақұрылымдық обьектілер мен нысандардың қауіпсіздігі үшін металла жүйелерін жасайтын зауыт құрылысының ерекше жобасын жүзеге асыруда. Алғашқы кезеңде 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция игеріледі, екінші және үшінші кезеңдерде Алматыдағы Жаполнияның Индустриалды паркінде 5 жыл ішінде кең желілі болат пен метиз өнімдерін шығару үшін 70 млн. АҚШ долларына дейінгі инвестицияны игеруді жоспарлаудамыз» , - деп атап өтті Х.Накамура.

Анықтама :

Алматы Қазақстанның қаржы -экономи калық орталығы және Орталық Азия өңірінде айрықша басымдылыққа ие. Мегаполис еліміздің ЖӨӨ бестен бір бөлігін, мемлекеттік кірістің үш бөлігін, көтерме операцияның 50% , бөлшек сауданың 30% -ын құрайды. Алматы әлемнің 160-тан астам елімен сауда байланысын орнатқан.

Адам басына шаққанда жалпы ішкі өңірлік өнім 24,5 мың АҚШ доллар ын құрайды, бұл Орталық және Шығыс Европаның астаналары мен ірі қалаларының деңгейімен бірдей.

Бүкіләлемдік «Doing Business» банкінің роейтингінде Қазақстан 6 позицияға жоғары көтерілді.. Көптеген елдерде бизнестің дамуы бір қаланың көрсеткіші және 10 негізгі индикаторлар арқылы айқындалады. Қазақстандағы мұндай қала- Алматы. Соның арқасында Қазақстан 35-ші орынды иеленіп, Ресейді, Бельгияны,, Италияны, Грецияны, Люксембургті және басқаларын артқа тастады..

Атвоматтандыру жүйесін енгізу барысында құжат қабылдау рәсімі екі есе азайды, алты күнде дайындалады.. Артық құжаттар алынып тасталды, НПП қатысуымен «мистер шопинг тер » өткізіледі. Осының барысында бизнес пен мемлекет арасындағы сыбайластық көріністер жойылуда..

Салықтық әкімшілік те жетілдірілуде, бүгінгі күні Алматыда салықтық есеп берудің 96% ы электронды түрде жүреді, электрондық салық қызметінің үлесі - 85%.

Tokyo Seiko » ( Tokyo Rope )компаниясы 1887 жылы құрылған, болат канаттарды, көпірлер ванттар және басқа да болат өнімдерін шығарады..

Tokyo Rope өнімдері Түркиядағы Izmit Bay Bridge көпірінің, Вьетнамдағы Nhật Tân Bridge көпірінің, Шанхайдағы ең биік әлемдік қаржы орталығының және Тайваньдағы Тайбэй 101 құрылыстарында пайдаланылды. 

ТМД аумағында алғаш рет Mighty Net және Rock Net қондырғылары арқылы өнімдер Алматыда 2008 жылы шығарылды, 2009 жылы компанияның ТМД-дағы тұңғыш өкілділігі ашылды.

2010 жылы Mighty Net желісі «Медеу -Шымбұлақ» аспалы жолын алуда пайдаланылды. Жұмыс ауқымы – 10,8 мың . м 2.

Болат өнімдерін шығаратын зауыт Алматының кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізілген. 

07.11.2016