
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Медеу аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жол картасының 5-тармақшасында көрсетілген “Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің құрылуы мен сектораралық қарым-қатынастың дамуы” туралы жобасын орындау максатында және ҚР ДСМ 10 қараша 2009 жылғы “Мақсатты топтарды алдын-алу медициналық тексеруден өткізу ережесін бекіту бойынша” және ҚР ДСМ №995 бұйрығы 25 желтоқсан 2017 жылы “№685 бұйрыққа өзгертулер мен толықтырулар бойынша” медициналық мекемелерде мақсатты топтарға скринингтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Скрининг қорытындысы бойынша 2018 жылы 9 айдың ішінде қант диабеті ауруына 15369 адам тексеру жоспарланған, тексерілгені 13227-86 %. Оның ішінде қант диабеті ауруы 53 адамда анықталды. Онкологиялық аурулар бойынша 32162 адам тексеру жоспарланған, оның ішінде скринингтен өткені 22935-41,3 %, онкологиялық аурулар 1542 адамда анықталды. Қан жүйесі ауруларына 15275 адам тексерілу жоспарланған, олардың ішінде тексерілгені 13418 (87,8%), ауру анықталғаны-714. Аудан тұрғындарымен скринингтік тексеруден өту төмен деңгейде жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген ақпаратты айта келе, Сіздерден тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелген емханалардан уакытылы скринингтік қараудан өтулеріңізді сұраймыз.