2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



«Тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы» ҚР Заңы бойынша буклеттер таратылды





Жыл сайын әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес 25 қараша мен 11 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтіледі.

Акцияның негізгі мақсаты - көпшілік халықты әйелдерге қатысты                      зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының ролін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы   таныстыру болып табылады.

Акция барысында 2019 жылдың 26 қараша күні Көк базарда Медеу ауданының полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Қожанова Әйгерім және полиция участок инспекторы Жорабек Н. «Зорлық-зомбылықтан қорғау туралы» ҚР Заңы, олардың түрлері, қорғау нұсқамасы, сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптары түсіндірілді. Сондай – ақ, туындаған сұрақтарға жауап беріліп, «тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы» ҚР Заңы бойынша буклеттер таратылды.