2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

030215-В 29-ом округе Медеуского района прошла отчетная встреча акима района с населением
29 округте Медеу ауданы әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында №131 мектепте 29 округ тұрғындары алдында аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю.Ильин, Алматы қалалық маслихат депутаты Б.Садықов, аудан қызметтері мен мекемелерінің басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі С.Мәкежанов тұрғындар алдына шығып, өткен жылдың атқарылған жұмыстарының қорытындыларымен таныстыруды жалғастырды. Ағымдағы жылы аудан аумағын көріктендіру және көгалдандыру бойынша 2014 жылы медігер ұйымымен 6090 ағашқа санитарлық қырқу, 1800 ағашқа пішіндеп қырқу және 550 ағашқа санитарлық кесу және Алматы қаласы Орталық демалыс көлемі 44,0 га құрайтын саябағын күту бойынша   жұмыстары атқарылды.

Алматы қаласы автомобильдер жолдары басқармасына 45 көшенің тізімі тапсырылды, бүгінгі күнге дейін 37 көше бекітілді. «ДСУ 13» ЖШС медігер ұйымымен жолдың шұңқырларын жабу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ арық жүйелері мен өткелдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда санитарлық тазарту және ҚТҚ шығару бойынша, 14 қоқыс шығаратын ұйымдар жүріс үстінде. ҚҚШҰ-дың барлығы, 59 дана арнайы техника және 92 жұмысшымен қамтамасыз етілген.

Орта есепте бір аптаның ішінде 720 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылады, есеп беру мерізімде 22.000 тонна қоқыс шығарылды.

Ауданда 738 тұрғын үйдің шамасында, 142 ЖПИК бар. Наурыз айында, ауданда санитарлық тазарту бойынша, 5 сенбілік өткізілді.

Әкімнің баяндамасынан кейін аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойды. Кездесу барысында қойылған сауалдар жол өткелі мен аялдама кешенін орнату, жол жөндеу және кәріз құбырлары жөніндегі мәселелер болды.

Кездесу барысында қойылған тұрғындардың сауалдарына нақты жауаптар берілді және осы мәселелер аудан басшысының өз бақылауына алынды.

03.02.2015