A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандық Ардагерлер кеңесі президиумының кезекті кеңесі өтті

2016 жылы 14 маусымда  Медеу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Аудандық Ардагерлер кеңесі президиумының кезекті отырысы өтті.Кеңеске Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Серікбаев және Ардагерлер кеңесінің белсенділері шақырылды.

Кеңес барысында    ардагерлер мен зейнеткерлердің округтік және бірінші ұйымдарының жұмыс жағдайлары,  әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер жөніндегі комиссия мен  1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына дайындық және өткізу кезінде жастарды адамгершілік-патриотизмге тәрбиелеу бойынша комиссияның жұмысы туралы мәселелер талқыланды.        

Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Серікбаев өз баяндамасында ҰОС 71 жылдығы мерекесін өткізу аудандық Ардагерлер кеңесінің бекітілген жоспарына сай жүзеге асырылғанын айтты. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешуде әрбір түйіткілді мәселеге көңіл бөліп шешімін табуға тиісті екенін және жұмыстың екпінін түсірмей, әрбір істі өз орнымен жалғастыру қажеттілігін атап көрсетті. 

Сондай-ақ, отырыста Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары В.Соболев  пен жастарды адамгершілік-патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі комиссияның төрағасы О.Масатбаев сөз алды.  

Кеңесті қортындылай келе, Президиум мүшелері ҰОС 71 жылдығы мерекесіне дайындығы мен оны өткізуде зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша ардагерлер ұйымының жұмысы туралы мақұлдады. Зейнеткерлерді белсенділердің өткізген бір ғана іс-шарасымен шектемей, олардың ішінде жалғыз бастылар мен көмекті қажет ететін зейнеткерлердің барлығын қамту қажеттілігі туралы бірауыздан мақұлдады.


14.06.2016