2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тілдарын-2014» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады», - деп айтқан болатын.

Расында да, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» - деп Қадыр Мырза Әли ағамыз айтпақшы, қазіргі уақытта кемінде үш тілді меңгеру – заман талабы.

Соған байланысты, биылғы жылдың өзінде Медеу ауданында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау және көп тілді меңгерген қабілетті жастарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында аудандық  «Тіл мерейі», «Тіл – татулық тірегі», «Ой - сана», «Абай оқулары», «Тілдарын-2014» сынды20-ға жуық байқаулар мен олимпиадалар өткізілді.

Cоның бір жарқын дәлелі, үстіміздегі жылдың 26 желтоқсаны күні Медеу ауданы әкімінің аппаратында жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруін ынталандыру үшін өткізілген «Тілдарын-2014» байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған жиын.

Дөңгелек үстел форматында өткен жиын барысында байқау жеңімпаздарының қатысуымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, және жастардың мейілінше көп тілді меңгерулеріне қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Д. Айнақұлова  іс-шара қонақтарын келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтай келе, байқау жеңімпаздарын аудан әкімінің тиісті дәрежедегі дипломдарымен марапаттады.

Сонымен қатар, салтанатты жиынға құрметті қонақ ретінде шақырылған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нәбиев Әміржан Әміржанұлы дарынды жастарды жарқын жеңісімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

29.12.2014