2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ғасыр жасаған әжей

Қазыналы қарттарымызды қадірлеп, оларға барынша қамқорлық жасау, қажет болса көмек қолын созу баршаның міндеті. Ал, ұзақ жасаған қарияларды ерекше құрметтеу, олардың үйіне   арнайы барып құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтар тапсыру жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқалы қашан. Желтоқсан айының 27 күні жүз жасқа толып, тұтастай бір ғасыр өмір сүрген ауданымыздың ең қарт тұрғындарының бірі – Скороходова Клавдия Тихоновнаны аудан әкімінің орынбасары Д.Айнақұлова үйіне арнайы барып құттықтады, сыйлықтар мен гүл шоқтарын   табыс етті Бір ғасыр жасаған қарт ана әлі де тың, ешкімге салмақ сала қоймаған, өздігінен жүріп-тұра алатын, ас-суын өзі дайындай алатын ширақ жан екен. Клава әжей 6 бала туған ана, төрт ұлы мен күйеуін соғысқа берген. Екі ұлын жеткізіп, олардан 4 немере, 12 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ал, шөпшегімнің нешеу екенін өзім де білмеймін деп күледі қарт ана.

«Кейінгі жастарға айтар қандай тілегіңіз бар?»- деген сұраққа әже:

«Жастарға айтарым және олардан тілейтінім бір-бірін сыйласа, бір-біріне мейірімді болса, тек жақсылық ойласа екен. Біздің кезде солай еді ғой, жастар бұзылмаса екен және замандары тыныш болып, бейбіт өмір сүрсе екен деймін,»- деп жауап берді.

«Тілегіңіз қабыл болсын! Өзіңізге де денсаулық тілейміз, ауырмаңыз. Жаңа жылыңызбен және жаңа ғасырыңызбен құттықтаймыз!»- деді Данагүл Мұхамедкерімқызы.

31.12.2014