2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, біз ауданның ардагерлеріне, зейнеткерлеріне, той иелеріне құрмет көрсетуді жалғастырып келеміз
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, біз ауданның ардагерлеріне, зейнеткерлеріне, той иелеріне құрмет көрсетуді жалғастырып келеміз
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, біз ауданның ардагерлеріне, зейнеткерлеріне, той иелеріне құрмет көрсетуді жалғастырып келеміз. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Саят Ілиясұлы Жансүгіров. Жақында Саят Ілиясұлы 90 жасқа толған торқалы тойын атап өтті. Той иесін, үйіне барып құттықтадық.

Техника ғылымдарының кандидаты, тау-кенші Саят Ілиясұлы әйгілі ақын, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, «Құлагер», «Байшұбар», «Сағанақ» сияқты елеулі туындылардың авторы Ілияс Жансүгіровтың ұлы.

Айта кетсек, біздерді өте жылы қарсы алған Саят Ілиясұлы мен жұбайы Фарида апайымыздың отау құрғандарына биыл  64 жыл толып отыр екен.

Той иелеріне амандық, тілей отырып, өмірлері тек бақытты сәттерге тола болсын дейміз. Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын.
26.02.2020