A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

«Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

         Медеу ауданының Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесі (әрі қарай ЮПБ) 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы парк және Оқушылар сарайы аумағында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Медеу ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы, білім бөлімімен бірлесе отырып «Жұмысбастылық» республикалық акциясы аясында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

         Іс-шараның басты мақсаты - балалар еңбегін қанауды анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында заңнамаға сәйкес келісімшартсыз жұмыс істеп жүрген 4 кәмелетке толмағандар, оның ішінде біреуі 14 жасқа толмағаны анықталды. Аталған жасөспірім Алматы қаласы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды.

Басқа кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері мен жұмыс берушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

01.08.2019