2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Думан» ы\ауданында әкімнің есептік кездесуі болып өтті

Ақпан айы - әкімдердің аймақ тұрғындарымен кездесіп, атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, болашақтың жоспарлары туралы айтылатын және қатысушылардың сұрақтарына жауап беретін есептік кездесулер айы.

Бүгін, 6 ақпанда аудан әкімі С.А.Мәкежанов «Думан» ықшам ауданы тұрғындарына есеп берді. Шараға қалалық маслихаттың депутаттары М.Өкшебаев пен Б. Садықов, аудан құрылымдары мен қызметтерінің басшылары, «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілдері және «Думан» ы/а тұрғындары қатысты.

«Думан» ықшам ауданының тұрғындары округтегі көріктендіруге байланысты сұрақтарды, оның ішінде жол өткелдері мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы, жарықтандыруды қозғады. Сондай-ақ, кәріз жүйелері, денсаулық сақтау, бала бақшаға кезекке тұру мәселелерін де көтерді.

Шара соңында думандықтар аудандағы көріктендіру бойынша атқарылған жұмыстарға алғыстарын білдірді.


06.02.2015