2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шаралар ұйымдастырылады.


20 ақпанда сағат 11-00 де Республика Сарайында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесе қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай, ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары үшін ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай әлемдік ғажайып тұлға» атты көрме ұымдастырылады. Көрмеде Хакім Абайдың әр түрлі лирикалар және сатиралық өлеңдері, пейзаждық эскиздері, «Қара сөздері», орыс және шетелдік авторлардың аудармалары ұсынылады.

Сонымен қатар, поэзия әуесқойларына «Поэтикалық микрофон: поэзия - тілдің билеушісі» алаңында «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқырмандары мен танымал ақындар Абайдың өлеңдерін оқиды.

«Абай әлемі» атты музыкалық сағатта Абайдың музыкалық композицияларын тамашай аласыздар. Іс-шараға келушілер ойын алаңына «Абайдың шығармаларын білесіз бе?» атты зияткерлік квестіне қатыса алады.

Абай поэзиясын сүйетіндер үшін белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен «Ұлы мұраны сақтау» мастер-классы  және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.
19.02.2020