2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Көлсай» елдімекенінде тұрғындармен кездесу

«Көлсай» елдімекенінде тұрғындармен  кездесу

2016 жылы 12 желтоқсанда  № 194 мектепте «Көлсай» елді мекенінің тұрғындарымен  кездесу өтті. Кездесуге Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Майлыбаев, Медеу ауданы әкім аппаратының бөлім басшылары, аудандық қызмет басшылары және жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары қатысты.

Кездесуде №30 округ бойынша жергілікті басқару комитетінің төрағасы Ә.Мүшрапилов сөз сөйлеп, қатысушыларды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар, Ә.Мүшрапилов аудан бойынша, соның ішінде «Көлсай» елді мекені бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындарға мәлімет берді.  

Кездесу барысында тұрғындар өздерінің талап-тілектерін айтты. Сол елдімекеннің ақсақалы М.Бәзілов барлық тұрғындар атынан сөз алып, «Көлсайда» жасалып жатқан жұмыстар үшін қала мен аудан басшыларына алғыс білдірді.  «Ықшам аудандағы мектепке жөндеу және мектеп аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді. Мектеп ауласына спорттық балалар алаңы салынды. Аудандағы негізгі көшелердің жолдарына асфальт төселді. Көшелерде кешкі мезгілде аула жарықтары жанып тұр. Арық жүйелері жөндеуден өтті»,- деді М.Бәзілов. Елдімекен ақсақалы бұл жұмыстардың барлығы соңғы 40 жылдың ішінде алғаш рет қысқа мерзімде жүргізіліп отырғанын айтты.

Сондай-ақ, тұрғындар ықшам ауданды ауыз сумен қамту мәселесі, медицина пункті мен балабақшаның құрылысы және автобустың қозғалыс кестесі жөніндегі мәселелерді шешуді сұрады.

Мұндай кездесулер Медеу ауданында «Алатау», «Думан», «Сұлусай», «Атырау», «Каменьское плато» ықшам аудандарында да өткен болатын. 


12.12.2016