2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мемлекеттік-құқық бөлімі


Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратындағы
мемлекеттік-құқық бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
 
1.1. Алматы қаласы Медеу ауданының мемлекеттік- құқық бөлімі (Әрі қарай бөлім туралы Ереже) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады және тікелей аудан әкімі басшылығымен жұмыс істейді.
1.2. Бөлімнің негізгі қызметтері:
     - Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Республика Үкіметі мен Президент актілерін Алматы қаласы және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерін Алматы қалалық Мәслихат шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
     - ауданның құқық қорғау органдарымен, қылмысқа қарсы күрес ұйымы бойынша аудандық қызмет орындарының бөлімшелері қызметтерін қадағалайды және жәрдемдеседі, заң бұзушылық пен құқық тәртібін қадағалайды;
     - жедел жиналыстарда аудан әкімінің төрелік етуімен жергілікті құқық қорғау органдарымен және бақылау органдарымен бірлесе қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ұсыныстар дайындайды;
     - аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобасының қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес екеніне тексеру, сонымен бірге оған  бұрыштама соғу;
     - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау істері бойынша комиссия жұмыстарын ұйымдастыру;
     - Аудан әкімдігі жанындағы нашақорлықпен күресу бойынша комиссия жұмысына практикалық көмек көрсету;
     - Заң насихатын, Қазақстан Респуликасы Үкіметі мен Президент актілерін және ауданның халқын құқықтық тәрбиелеуді жүзеге асыру.
1.3. Бөлім өз жұмысында Ел Конституциясын, Қазақстан Респуликасы қолданыстағы заңдарын, Республика Үкіметі мен Ел басы актілерін, қала және аудан әкімінің өкімдерін, Алматы қалалық маслихаты шешімдерін, аудан әкімі аппараты туралы ережені сонымен қоса осы ережені басшылыққа алады;
1.4. Бөлім өз жұмысын аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарына және әкім нұсқауына сәйкес жасайды және оны басқа бөлімдерімен және аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерімен, аудан қызмет орындарымен және бөлімшелермен тығыз байланысты жүзеге асырады.
1.5. Осы ережеде көрсетілмеген жүктеулер мемлекеттік- құқық бөліміне міндеттелмейді.   
 
  2.   Бөлім қызметінің негізгі бағыттары
 
2.1. Қылмыспен күрес, құқық тәртібін қамтамасыз ету, аудан аумағында заң тәртібін сақтау құқық бұзушылықпен күрес сұрақтары бойынша аудан халқымен, еңбек ұжымдарымен, құқық қорғау органдарымен, қызмет орындары, бөлімшелерімен аумақттық қызметті өзара жүзеге асыру және қадағалау.
2.2. Аудандық әлеуметтік- криминогендік жағдай есебімен қылмыстың динамикасын, құрылымын, күйін талдау, оның жасалу не шара қолдануын әзірлеу.
2.3. Аудан аумағындағы қоғамдық тәртіпті нығайту, көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алу әдістері, қылмыспен күрес жұмыстары бойынша жалпы қалалық аудандық жедел алдын алу іс- шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
2.4. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу маскүнемдік, ішімдік және нашақорлықпен күресті күшейту.
2.5. Қылмыстық қол сұғудан азаматтардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғау.
2.6. Ұйымға келіп түскен кәсіпорындардың мекемелердің, ұйымдардың, азаматтардың шағымдарын қарастыру, олардағы ақпараттарға, ұсыныстарға талдау жасап және керек жерлерін қызметте пайдалану азаматтардың шағымдарының себептерін зерделеу және оларды жою  үшін шара қолдану.
2.7. Қылмыспен күрес, құқық тәртібін нығайту құқық қорғау органдарының қызметтерін қадағалау сұрақтары бойынша аудан әкімінің өкімі мен шешімдерінің жобасын дайындау және бұл құжаттардың орындалуына бақылау жасау.
 
               3. Бөлім жұмысын ұйымдастыру
 
3.1. Бөлім аудан әкімі нұсқауы және аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді.
3.2. Бөлім жұмысының басым бағыты болып аумақтық құқық қорғау органдарына қылмыспен күрес, заң бұзушылықты ескерту және аудан аумағындағы қоғамдық орындарда тәртіпті нығайту мәселелеріне ұйымдық және тәжірибелік көмек көрсету.
3.3. Бөлім үнемі қызметтік жиналыстар өткізіп тұрады, онда оның жұмысының жоспарлық және басқа мәселелер қарастырылады.