2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі


Медеу ауданында 26 мектеп және 1 мектеп-интернат және 3 мектептен тыс білім беру мекемелері бар (№5 ОҮ, №8, №12 БММ).
2009-2010 оқу жылында аудан бойынша  мектеп бітіруші түлектер саны  – 1132 оқушыны құрады. Соның ішінде БҰТ – 842 оқушы тапсырды (403 қазақша, 440 орыс тілінде), мемлекеттік емтихан негізінде – 269 оқушы (48 – қазақша, 221 – орыс тілінде) тапсырды. Денсаулық жағдайына байланысты – 2 оқушы, уақытынан бұрын – 2 оқушы, 64 оқушы -  естиханнан босатылғаны жайлы анықтама әкелді. 
БҰТ орташа балы– 89,3%, (Алматы қаласы бойынша 2-ші орынды иеленді), 2008-2009 оқу жылымен салыстырғанда  (78,5%) сынақ 11% өсті.
2009-2010 оқу жылының нәтижесі бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 39, соның ішінде ақтағаны – 29 (71%),үздік аттестатқа үміткерлер саны – 35, соның ішінде ақтағаны – 30 (86%) түлек.
2010 ж. 18-20 тамызда жаңа 2010-2011 оқу жылына ауданда орналасқан орта мектептердің дайындығын тексеру бойынша комиссиямен тексеру (комиссия құрамында аудандық білім бөлімінің, төтенше жағдай мен санитарлы-эпидимиологиялық қадағалау басқармаларының қызметкерлері қатысты) жұмыстары өтті. Қазіргі уақытта барлық мектепте дайындық актілері бар. Сонымен қатар, күзгі-қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, дайындық актілерін алды.
Медеу ауданында 25 мектепке дейінгі білім беру мекемлері жұмыс атқарады, олардың 15 мемлекеттік, 2 ведомствалық, (№26 –Ұлттық банк, «Березка» - «ХОЗУ» Корпорациясы), 8 жеке меншік («Самал-2», «Слоники», «Ассорти бейби», «Адеми», «Айгөлек», «Айгерим», «Апельсин», «аль-Каусар»).
            2010 жылдың 01 қазанында «Думан» ықшам ауданында 320 балаға арналған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесі құрлысы аяқталды.
№ 163 және №159 мектептердің аумағында балбақша құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындалу барысында.
Қазіргі уақытта «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 189 бала келесі мекемелерге орналыстырылды.
1.       «Әйгерім» жеке балабақшасы – 64 бала;
2.      №109 балабақша – 30 бала;
3.      №110 балабақша – 31 бала;
4.      №112  балабақша – 30 бала;
5.      №141 балабақша – 34 бала.
Сонымен бірге, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңадан салынған Думан ықшам ауданындағы балабақшаға 320 баланы қабылдау жоспарланып отыр.
 
Мәдениет саласындағы маңызды жұмыстардың бірі тарихи-мәдени мұралардың сақталуы болып табылады.
Қазіргі уақытта Медеу ауданы аймағында тарихи-мәдени мұралардың 55-тан астам объектілері орналасқан, олардың ішінде 15-і алып өнер туындылары.
Қазақстан полиэтникалық мемлекет екеніне қарамастан, қоғамдағы интеграция мен консолидация үрдісі бәсекеге қабілетті ұлттардың қызмет атқаруға деген жолда Қазақстан азаматтығының сәйкестігі арқылы өтеді және осында біздің мемлекеттің стратегиялық артықшылықтары қалыптасты. Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жалпы құндылықтармен интеграциялау, ұлттар идентификациясы үрдісін мәдени мазмұндарман толықтыру қажет.
Медеу ауданы әкімінің басқару органдарында аудан тұрғындарымен кездесу немесе басқа да қызметтік форумдарда қолданылатын синхронды аудармаға арналған құрылғылар бар.
Аппарат қызметкерлеріне «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету курстары өтеді. Ағымдағы жылдың 3 қыркүйектен бері мемлекеттік тіл үйрету курстарына тереңдетіп оқу тобында – 3, жалғастырып оқу тобында – 2 аудан әкімінің аппараты қызметкерлер оқуын жасғастыруда. Ағылшын тілі курстарына жалғастырушы топ – 3, бастауыш топта - 6 қызметші білім алуда.
Мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдану аясын кеңейту мақсатында бірнеше шаралар өткізілді. Соның ішінде ауданда орналасқан мектептер, ЖОО мен АООО-да қазақстан халықының тіңлдер күнін атап өту мақсатына «Тіл апталығы» ұйымдастырылды.  Соынмен бірге, қалалық «Тілдарын-2010», «Қазақ тілінің үздік оқутышысы-2010», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлер» байқауларына қатыстық.
Барлық ескерткіштердің санитарлық жағдайы мен абаттандырылуы үшін тазалау жұмыстары білім беру ұйымдарына бекітілген.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін атап өту шеңберінде ағымдағы жылдың 18 сәуірінде барлық аудан мектептері бекітуге сәйкес сенбілік, гүл қою рәсімі және ескерткіштер алдында әдебиеттік оқулар өткізілді.
Ауданның мәдени өмірінің бірі қыры ретінде – мемлекеттік мерекелерді атап өту болып табылады. Аталмыш мерекелер – ұлтаралық және конфессияааралық береке-бірлікке, қоғамның шоғырлану рухына сәйкестендірілуге көзделген.  Аудандық мерекелер ауданға қарасты демалыс саябақтарында, ЖОО және АООО-да, жалпы білім беретін мектеп алаңдарында өткізіледі. Мерекелік іс-шараның өткізілу орнын безендіру идеологиялық тәрбиені қалыптастырады, соның ішінде қазақи патриоттық тәрбиені, рухани, бірегей қазақстандық ұлт болуды көздейді. 
Медеу ауданы әкімінің аппатары ресми кездесулер мен аудан тұрғындарымен кездесу жиындарында, түрлі форумдарда қолданылатын ілеспе аударма жасауға арналған арнайы құралдармен жабдықталған.
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, ауданның қызметкерлері үшін  мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстары өтіледі. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап тереңдетілген топта – 3 қызметкер, жалғастырушы топта – 2 қызметкер оқиды.  Сонымен қатар ағылшын тілі курсында бастауыш топта – 6 адам, жалғастырушы топта – 3 адам өз білімдерін жетілдіруде.
Мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдану аясын кеңейту мақсатында бірнеше шаралар өткізілді. Соның ішінде ауданда орналасқан мектептер, ЖОО мен АООО-да қазақстан халықының тіңлдер күнін атап өту мақсатына «Тіл апталығы» ұйымдастырылды.  Соынмен бірге, қалалық «Тілдарын-2010», «Қазақ тілінің үздік оқутышысы-2010», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлер» байқауларына қатыстық.
«Тіл тазалығы» акциясының аясында Алматы қаласының Тілдерді дамыту Басқармасы және «Алматыжарнама» МҚМ-мен біріге отырып, ағымдағы жылдың  сәуірдің 26-30 және қыркүйектің 10-20 аралығында  ҚР «Тіл туралы» Заңының 21 бабына сәйкес ауданда орналасқан жарнамалық ілмелердің мазмұны мен безендірілуі бойынша  рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеріс нәтижесіндегі қорытындылар қажетті шаралар қолдану үшін Алматы қаласының Тілдерді дамыту Басқармасына жіберілді.
Мемлекетті дамыту жолындағы басты мақсат – «Дені сау ұлт». («Здоровая нация»)
Дене шынықтыру мен спорт – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды рухани тәрбиелеу мен мемлекет азаматтарының денсаулығын жақсартудағы ең маңызды құралдардың бірі. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті – барлық тұрғындар үшін қолайлы спорт және дене шынықтыру бағытында шаралар ұйымдастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету жолында есептік мерзімге дейін ауданда 273 іс-шара, түрлі акциялар өткізілді.
Аудан жасөспірімдері арасында нашақорлықтың алдың алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда Жергілікті орындаушы органдар қызметінің басты бағыттарының бірі жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша бос уақытын өткізуді ұйымдастыру жұмыстары болып табылады.
Аудан бойынша 7 аула клубтары жұмыс істейді. Барлық аула клубтарында әр түрлі бағытта өзіндік бағдарламалар жұмыс істейді,сонымен қатар, жасөспірімдер арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға аса назар аударылады.