2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әлеуметтік сала бөлімі


Әлеуметтік сала бөлімі Алматы қаласының Медеу ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы Заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін және бөлім туралы Ережені басшылыққа алады. Ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың филиалының, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының жұмысын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады, өз құзыретінің аясында баса да ұйымдармен және соғыс ардагерлерімен, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен, көп балалы аналардың Одағымен, аудандық зейнеткерлер және Отан соғысы кеңісімен байланысты іске асырады, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, іс-әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қорғаншылық пен қамқоршы тағайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады.

 
Әлеуметтік сала бөлімі келесі комиссиялардың жұмысын жүзеге асырады:
1. Алматы қаласының Медеу ауданы әкімі аппараты жанындағы гендерлік саясат және отбасы істері бойынша Комиссия;
2. Әлеуметтік маңызы бар сырқаттар бойынша ведомствоаралық Комиссия;
3. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынын зардап шеккен азаматтарды есепке алу мен тіркеу ушін Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша арнайы Комиссиясы;
4.      1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін анықтау үшін аудандық арнайы Комиссия және Медеу ауданындағы еңбек майданына қатысушыларды мерей той медальдарымен салтанатты марапаттауды ұйымдастыру;
5. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық учаскелік Комиссия;
6. Алматы қаласының Медеу ауданы әкімі аппараты жанындағы қорғаншылық пен қамқоршы кеңесі.