2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әлеуметтік әл-ауқат бөлімі


Медеу аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі (ары қарай – бөлім) Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының (ары қарай – Басқарма) құрылымдық бөлігі болып табылады.

Бөлім туралы ақпарат:

Медеу аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімі (ары қарай – бөлім) Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының (ары қарай – Басқарма) құрылымдық бөлігі болып табылады.

Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын «Қазақстан Республикасы Президенті туралы», «Қазақстан Республикасы Парламенті және депутаттарының мұдделері туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын ұй қатынастары туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қөші-қон туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соғысы мүгедектерін, қатысушыларын және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктері туралы» заңдарын, «Тұрғын ұй көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылгы 30 желтоксанда № 2314 Қаулысын, 2013 жылгы 12 қырқұйекте № 175 V-ші сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІХ сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шешімін, Алматы қаласы мәслихатының шешіміне косымша «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау туралы», «Қазақстан 2050-» қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты Стратегиясын басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтық құқықтық актілерін, Басқарма ережесі, қызметтік нұскаулық және де осы ережеге сәйкес өз қызметтін жүзеге асырады.

3. Бөлімнің штаттық құрамы мен құрылымы Басқарманың штаттық кестесі мен Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтері

a.  Негізгі міндеті: халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.

Қызметтері:

1) Алматы қаласының 2011-2015 жылғы даму Бағдарламасын, Басқарманың Стратегиялық, Операциялық жоспарын, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын, «Жұмыспен қамту - 2020» (әрі қарай-Бағдарламалар) жүзеге асыру;

2) жұмыспен қамту мақсатында жұмыссыз азаматтарды қабылдау, тіркеу және есепке қою, хабарлама беру, анықтама беру;

3) келісілген келісім-шартқа сәйкес, тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту;

4) келісілген келісім-шартқа сәйкес, тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу;

5) келісілген келісім-шартқа сәйкес, тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқуларға, қайта оқыту және біліктілігін арттыру курстарына жіберу;

6) заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына жіберу;

7) қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмысқа, кәсіби оқуларға, қайта оқыту және біліктілігін арттыру курстарына жіберілгендердің медициналық куәландыруы мен жолақысын және айлықтарын уақтысында беру;

8) басқармаға қаржы туралы тапсырысты уақтылы дайындау және дер кезінде тапсыру;

9) тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша тапсырыстарды, ақпараттарды, хабарламаларды, есептерді, мәліметтерді аудан көлемінде талдау жасау, дайындау;

10) жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыс берушілермен, БАҚ-пен және үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да мекемелермен өзара байланыс орнату;

11) жұмыссыздардың, соның ішінде тұрғындардың мақсатты топтарына кіретіндердің жоспарлы көрсеткіштерін уақтылы орындау;

12) қоғамдық жұмыс өткізетін мекемелер туралы, әлеуметтік жұмыс орындарын өткізетін ұйымдар туралы мәліметтер, бос орындар , соның ішінде қажетті салалар (мамандықтар) бойынша тапсырыстар дайындау;

13) жұмыссыздарға бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу;

14) жұмыссыздардың кәсіби оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыратын оқу орындарында оқудың барысын талдау және қадағалау мақсатында осы оқу орындарына барып тұру;

15)  түзету мекемелерінен шығатын және шартты түрде істі болған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ақпараттандырылуы бойынша және тұлғалардың өздерімен де өзара байланыс орнату,оларға хабарламалар беру;

16)  жұмыспен қамту мәселесі бойынша аудан тұрғындары және мекемелері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу;

17) жұмыс берушілермен және жұмыс беру саласында жеке қызмет атқаратын жеке агенттіктермен байланыс орнату;

18) тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында, бос жұмыс орындарының мәлімет қорын қалыптастыру;

19) нысаналы топқа кіретін әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында іс-шаралар жүргізу;

20) еңбек нарығының қажеттілігіне сай және квалификациялық жағдайын ескере отырып, жұмыссыз азаматтарды кәсіби қайта даярлау оқуларын ұйымдастыру;   

2. Міндеті: Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.

Қызметтері:

1) Алматы қаласының 2011-2015 жылғы әлеуметтік даму Бағдарламасының әлеуметтік даму саласын жүзеге асыру ;

2) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды арнайы қозғалыс құралдарымен, арбамен, протезді - ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық, гигиеналық, жеке көмекші қызметімен, ымдау маманымен, есту протезі және қосымша құралдарымен (компенсаторлық) қамтамасыз ету;

3) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді санаториялық шипа-жайға жолдама беру;

4) ыстық және суық су өлшеуіштерін орнату шығындарын өтеу;

5) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша аудан тұрғындары мен заңды тұлғалар арасында семинарлар, кездесулер, ақапараттық-түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялай отырып ұйымдастыру;

6) орталық мәліметтер қорына мүгедектер мен мүгедек балалар мәліметтерін енгізу «ЦБДИ», «Е-Собес», «Еңбек нарығы», «Әлеуметтік көмек» бағдарламасымен жұмыс жасау;

7) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша ақпараттар, есептер, мәліметтер, тапсырыстар дайындау, аудан бойынша жұмыстардың қорытындысын талдау;

8) Алматы қаласындағы мемлекеттік емес ұйымдар мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен әріптестік байланыс орнату;

3. Міндеті: Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктерді Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға көрсетілуін қамтамасыз ету;

Қызметі:

1) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына қоғамдық көлікте жол жүру билетімен қамтамасыз ету;

2) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге шипа-жайда жеңілдікпен демалу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3) Басқармаға мемлекеттік марапат «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тағайындау үшін, алты және одан көп балалы аналардың құжаттарын қабылдау мен жеке істерін жіберу;

4) Медициналық-әлеуметтік мекемелерге қажеттілігі бар мүгедектердің, зейнеткерлердің, мүгедек балалардың және азаматтардың құжаттарын қабылдау және басқармаға жіберу;

4. Міндеті: Әлеуметтік жағынан аз қамтылған аудан халқына әлеуметтік көмек көрсету.  

Қызметтері:

1) Өмірдің қиын жағдайларына тап болған, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті басқармаға құжаттарын қабылдау мен жеке істерін   1 АЕК, 5 АЕК,7 АЕК,100 АЕК төлем аркылы жіберу;

2) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілгендерге мерекелік күнге орай, біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау;

3) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінге балалы жанұяларға мелекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегі, мүгедек балаларды үйде оқыту үшін жанұяға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді қамтамасыз ету;

4) Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен жұмыссыздар мен зейнеткерлердің құжаттарын қабылдау және аудандық комиссияға құжаттарын ұсыну;

5) жәрдемақы мен көмектерді қаржыландыруға дер кезінде тапсырыс беру;

Алматы қ. Медеу ауданы мекен жайы: кошесі Толе би, 12.

Анықтама телефоны:

8 (727) 291-75-55

8 (727) 291-10-28

Азаматарды қабылдау күні: күнде сағат 9 00 дан 18 00 дейін, демалыс - сенбі, жексенбі