2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі


Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі Медеу ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары мен өкімдерін, Алматы қаласы әкімі мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеттері болып:

  • Медеу ауданы әкімінің іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып, перспективалық жоспарлар бойынша жұмыс жүргізу;  
  • ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің Қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша орындалу барысына бақылау жасауды жүзеге асыру;  
  • аудан аумағында орналасқан мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінің, көп пәтерлі тұрғын үйлердің күзгі-қысқы жылу беру мезгіліне дайындығы бойынша ведомстволар мен ЖПИК-нің жұмысына бақылау жасау;   
  • коммуналдық қызметтерге борыштарын өтеу бойынша шараларды үйлестіру;  
  • қоқыс қалдықтарын сыртқа шығаратын ұйымдардың жұмысына бақылау жасау (“Тәртіп” АҚ және ЖШС.);  
  • аудан аумағындағы санитарлық тазалық және көріктендіру бойынша көктемгі – күзгі шараларды өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары;  
  • қаланың және ауданның коммуналдық қызметтерімен жұмыс;  
  • сауна, ТҚЖ, дөңгелек айырбастау, автожуу, автотұрақ, Техникалық орталықтардың жұмысына бақылау;   
  • апаттың алдын алу қызметтерінің жұмысына бақылауды жүзеге асыру;  
  • коммуналдық қызметтерді жеке есепке алу приборларын орнату кестесін сақтауға бақылау;  
  • азаматтардың өтініштері мен хаттарын қарау.

Тұрғын үй коммуналдық саласында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыруда және кварталдардың ішкі аумағын ұстау мен оның жағдайын жақсартуда Медеу ауданы жоба үшін жаппай  тәжірибе алаңына айналды.  

Мемлекеттік саясат бағытының негізінің бірі – азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, сондай-ақ, қауіпсіз және сапалы өмір сүруіне мүмкіндік беру. Сондықтан бар тұрғын үй қорын ұстау  мен тиісті пайдалану, тұрақты іс-қимыл жасау, санитарлық және техникалық жағдайына талапты, оған іргелес аумаққа инженерлік және коммуналдық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді  мемлекет белгілейді. Бұл міндеттерді орындау үшін, халықтың ересек топтарының және  жастардың қолы бос кезінде өздерінің тұрғылықты мекенінде белсенді демалысы үшін жағдай жасау үшін Алматы қаласында “Алматы аулалары” бағдарламасы қабылданды.

Бірақ, оны іске асыруды талдау кезінде, аула аумақтарын ұстау мен қайта қалпына келтіруден кейін пайдалануда,  оларға жүктелген Заңдарға сәйкес, ЖПИК-і өз міндеттерін толық  орындауға шамалары келмейтін, қабілетсіз екендіктері анықталды. Бұл туралы Медеу ауданы бірінші болып дабыл қақты. Санитарлық жағдай мен кварталдардың ішкі аумағын  ұстауға жасалған талдау бүгінгі күннің нақты бейнесін көрсетті. 

Ауданда 662 көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін  102 ЖПИК-і тіркелді. ЖПИК құрамында аумаққа қызмет көрсету үшін орташа жалақысы айына 8000 теңгені құрайтын 239 аула сыпырушы бар. Үй маңайындағы аумақтарды жинастыруға үйді ұстауға шығатын мақсатты шығындарда арнайы бап қарастырылған, жаяу жүргіншілер жүретін жолдан қарды және қабыршақ мұзды шығару, көгал алаңдарды жинастыру, оның өсіп кеткен шөбін шабу, қыс мезгілінде тротуарларға құм себу және құмды дайындау,  аула сыпырушылардың еңбегіне төлемақы, әлеуметтік қамсыздандыру, керек-жарақ алу, арнайы киім, үйге кіре берістегі және контейнер алаңдарын жинастыру. Бұл бап бойынша жалақы әр пайдалы шаршы метрге айына 1,50-ден 2,50 теңгеге дейін болады.  Көріктендіру, контейнерлер мен контейнер тұратын алаңдарға залалсыздандыру жұмысы, шұңқырларға жөндеу жұмыстары, үй маңайындағы аумақтарға ағаштар отырғызу және оларды суландыру, шағын сәулет түрін орнату бабы – пайдалы алаңның шаршы метріне айына белгіленген баға  0,55 теңгені құрайды.
Пилоттық жоба «Медеукоммунальцентр» ЖШС-нің қолдауымен ауданның 4 участогында  осыған ұқсас жұмыстардың түріне тәжірибе өткізіледі.       

 1-ші участок – “Самал” ықшам ауданы Сәтпаев көш., - Достық даңғ., Жолдасбеков көш., - Фурманов көш.,    шекараларында;   
2-ші участок – “Самал-2”  ықшам ауданы Жолдасбеков көш., - Достық даңғ., Әл-Фараби даңғ., Фурманов көш., дейін; Фурманова;
3-ші участок – “Самал-3” ықшам ауданы Әл-Фараби даңғ., - Достық даңғ., - Фурманов көш., Тайманов көш., дейін;  -
4-ші участок – Гоголь, Қонаев көш., Райымбек даңғ., Нүсіпбеков көш., Мақатаев, Қалдаяқов көш., шекарасында.  

Медеу ауданы әкімі аппаратының бастамасына сәйкес – санитарлық жинастыру құрылымы, кварталдардың ішкі аумағын ұстау мен техникалық қызметкерлерді басқару тұрғын үйлердің жертөле базаларында қызметкерлер үшін әр участокта техникалық үй-жай бөлудің негізінде болады, сондай-ақ бір жұмысшыға жинастыру нормасына сәйкес аула сыпырушылар бригадасын құру және жеке қызмет көрсету участогын керек-жарақ пен киіммен қамтамасыз ету.     
Техникалық үй-жай  қалалық бағдарламаны іске асыруға сәйкес “Алматы қаласының жертөлелері” участоктарға қызмет көрсетумен айналысатын ұйымдары бөледі.

Адамдардың уақытша тұратын жері болғандықтан,  терезе ойықтары, желдеткіш тесіктері, қойма  бөлмелері, сантехникалық тораптар, тұрмыстық бөлмелерді ұстауда  жертөле үй-жайлары нормаға сәйкес болуы керек.
Өйткені бағдарламаны іске асыру да жертөле үйлерін қайта кешенді қалпына келтіруге  мүмкіндік  береді, тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуде сенімділік пен  пайдаланудың тиімділігін көтереді.    
 
Жартылай бүлінген, қараусыз қалған жертөлелер кешенді қайта қалпына келтірудің нәтижесінде қазіргі заманғы соңғы техникалық құралдармен жабдықталған үй-жайларға айналды. Мұнымен бірге экологиялық  рең мен эстетикалық  көзқарасты қалыптастырып, пайдаланудағы ғимараттың қазіргі бар нормасын нұқсан келтіре алмайды. 

Осы жобаның аясында “Мерей” ЖПИК аумағында  өткен аула сыпырушылар үшін техникалық үй-жайдың тұсаукесерінде БАҚ өкілдері      бұл шешімнің дұрыстығы мен қажеттілігіне Медеу ауданының жұртшылығының  көзін әбден жеткізді,

”Мерей” ЖПИК-не техникалық қызметкерлер тұрақты қабылданған. Әр аула сыпырушыға жеке участок бекітіліп берілген. Аула сыпырушыларды сол аумақ  бекітіліп берілген бригадир басқарады. Еңбек төлемақысы негізгі жалақыдан – ай сайынғы сыйақыны қосқанда 25 000 теңгеден кем емес.  Сыйақы қорын бригадир басқарады. Техникалық қызметкер жылдың әр мезгіліне орай, киіммен және керек-жарақпен қамтамасыз етіледі. Жұмыс түрі мезгіл бойынша бөлінеді. Аула сыпырушылардың жұмыс режимі еңбек Заңдарына сәйкес, таңғы  6:30-дан басталып, күн бойында қысқа мерзімді үзіліс демалыстарымен белгіленеді.

Жоба үш қары көзінен қаржыландырылады: шаршы метр үшін 2 теңге көлемінде  “үй маңайындағы аумақты жинастыру” бабы бойынша шаршы метр тұрғын алаңды ұстауға мақсатты шығынға төленетін  төлемақыдан; аумақтың  көше жағынан үй маңына жапсарлас, ортақ пайдаланатын аумақты жинастырудан түскен қаржы    көзінен, бекітіліп берілген көше бойына орналасқан кәсіпкерлікпен айналысатын объектілермен келісім-шарт негізінде алынған ақшадан  тұрады.     

Жыл басынан бері Медеу ауданы әкімі аппараты «Медеукоммуналцентр» ЖШС –мен бірлесіп пилотты жобаны жүзеге асыру бойынша шаралар топтамасын өткізді. Участоктардың төлқұжаты жасалды, техникалық үй-жай үшін талапқа сәйкес жертөлелер таңдап алынды, аула сыпырушыларға бекітіліп берілген  аумақтарды жеке участоктарының шекарасы анықталды, участоктарда ЖПИК-не ақша бөлудің механизмі зерттелді; аумақтарды жинастыру үшін келісім шарт жасасуға болатын  участоктардағы кәсіпкерлердің саны анықталды.
Жоба әлдеқашан алғашқы нәтижесін берді, өйткені алматылықтардың көңілінен шығып, таза, қолайлы, әдемі, әсіресе қауіпсіз аумақта тұруға бар жағдайды жасауға мүмкіндік береді.