2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Аудандық білім беру бөлімі


Медеу аудандық білім беру бөлімі
(Алматы қ., Пушкин көшесі, 72 үй, 315, 317 каб.)

 

Қызметі

Аты-жөні

Телефоны

АББ басшысы

Сапарова Ағайша Әмірқызы

291-78-12

Бас маман

Дүитова Шынар Сағынышқызы

293-91-61

Бас маман

Кемебаева Айткүл Дандыбайқызы

385-47-10

метод.кабинет меңгерушісі

Батыбаева Сәуле Ғалиқызы

293-32-69



Алматы қаласы Білім басқармасының Медеу аудандық білім бөлімі туралы

ЕРЕЖЕСІ

1 Жалпы ереже

1.1.Алматы қаласы Білім басқармасының Медеу аудандық білім бөлімі (ары қарай – Білім бөлімі) Алматы қаласы Білім басқармасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, мына мақсаттарды іске асыру үшін құрылған:

·         Аудан аумағындағы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, міндетті орта білім алғанша оқыту;

·         Кәмелетке толмағандардың құқығын және қызығушылығын қорғау;

·         Аудандағы мемлекеттік білім беру мекемелерінің және кәсіпорындардың қызметін қадағалау;

1.2.Білім бөлімінің жұмысын Алматы қаласы Білім Басқармасының байқауы негізінде тағайындалған басшы басқарады. Білім бөлімінің құрамында штаттық кесте бойынша екі маман жұмыс атқарады: мектеп сұрақтары мен тәрбие ісі бойынша бас маман, мектепке дейінгі, қамқорлыққа және қамқоршылыққа алу бөлімінің бас маманы.

1.3.Білім бөлімі өзінің қызметін аудан әкімімен келісіп атқарады.

1.4. Білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, ҚР «Білім беру», «Тіл туралы», «»ҚР балалар құқығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» заңдар мен нормативті құқықтар актілеріне сәйкес жүзеге асырады;

2.      Білім бөлімінің негізгі міндеттері

2.1   Білім бөлімінің негізгі міндеттері мыналар:

·         Аудан аумағындағы ата-анасы қайтыс болған жағдайда, ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған, ата-аналары ұзақ ауырған, ата-аналары ұзақ уақыт жоқ болған, тәрбие беруден бас тартқан балалардың құқығын және қызығушылығын заң аясында қорғауды іске асыру;

·         Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие берудің жағдайларын бақылауды іске асыру;

·         Білім беру мекемелеріндегі қосымша, бастауыш, негізгі, жалпы білім беру бағдарламасының іске асырылуын қадағалап отыру;

3.      Білім бөлімінің атқаратын қызметі

Білім бөлімі төмендегі қызметтерді іске асырады:

3.1.Аудандағы білім беру жүйесінің жағдайын, үрдісін және оның дамуының болашақтарын сараптайды;

3.2.Аудандағы білім беру жүйесін дамытуға ұсыныстар дайындайды;

3.3. Мемлекеттік мекемені және кәсіпорынды тарату туралы білім бөліміне ұсыныс беру;

3.4.Білім беру ұжымдарының оқу материалдық базасын нығайту жағдайын сараптау және ұсыныстар дайындау;

3.5.Білім мекемелерін жаңа оқу жылына қабылдауды жүзеге асыру;

3.6.Аудандағы білім беру мекемелеріндегі бастауыш, негізгі, жалпы білім берудің мемлекеттік стандартқа сай   іске асырылуын қадағалайды;

3.7.Мемлекеттік аттестаттауды, аралық мемлекеттік бақылауды, бірыңғай ұлттық тестілеуге, негізгі және орта мектеп курсындағы емтихандарға қатысуды ұйымдастырады;

3.8.Ғылими негізде оқушылардың аудандық олимпиадаларын ұйымдастырады және өткізеді;

3.9.Кәмелетке толмаған қорғау және қорғаншылықтағы жасөспірімдерді, ата-аналарының қорғауынсыз қалған балалардың балалар үйіне және мектеп-интернаттарға жіберілуіне кепілдеме беруді ұйымдастырады;

3.10.        Педагог қызметкерлердің әлеуметтік жағдайының қорғалуына ықпал жасайды;

3.11.        Балалардың өмірі мен денсаулықтарының нығаюына медициналық мекемемен бірлесіп, бақылау   жасайды;

3.12.        Алматы қаласы Білім Басқармасының келісімімен, мектеп әкімшілігімен бірлесіп оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастырады;

3.13.        Аудандағы спорттық-сауықтыру мен мәдени іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді;

3.14.        Мектепке дейінгі мекемелерге арыз, жолдама беруді тіркеуге алады;

3.15.        Аудандағы мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі озат қызметкерлерді бекітілген тәртіп бойынша мадақтауға ұсынады;

3.16.        Аудандық білім беру мекемелеріндегі азаматтардың арызы мен өтініштерін қарайды, жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдайды, олардың заңды талаптарын орындауды қанағаттандырады, азаматтар хабарлаған кемшіліктерін жоюға шаралар қолданады.

4.      Білім бөлімінің басшылық қызметі

4.1 Білім бөліміне басшылық қызметін Алматы қаласы Білім Басқармасы іске асырады;

4.2 Білім бөлімінің қызметкерлері Білім Басқармасының штаттық есебіне кіреді;

4.3 Білім бөлімінің қызметін Білім бөлімінің бастығы басқарады:

·         Білім бөлімінің қызметін басқарады;

·         Білім бөліміндегі қызметкерлерінің атқаратын міндеттерін айқындап береді;

·         Берілген ақпараттардың және білім бөліміндегі атқаратын қызметтердің орындалуына жауап береді;

·         Аудандық АҚ және ТЖ (ГО и ЧС), АІІБ КЖТІБ, Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы    қызметінің білім бөлімі және аудандық білім мекемелерімен бірлесіп жұмыс істеуін үйлестіреді;

4.4   Аудан білім беру мекемелерінің басшыларынан құралған аудандық білім бөлімінің кеңесі коллегиялық басқару ұйымы болып табылады;

4.5.   Аудандық білім бөлімі кеңесінің негізгі атқаратын қызметі білім беру мемлекеттік стандартының орындалуын қарастыру және аудандағы білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие беру ісінің орындалуын қадағалау;

5.      Балалардың құқығын және қызығушылығын қорғаудағы Білім бөлімінің қызметі

5.1. Білім бөлімі балалардың құқығын және қызығушылығын қорғаудықорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі ұйымдар арқылы іске асырады:

·         Ата-аналардың қарауынсыз балаларды іздеп табады, олардың өмір жағдайларын зерттейді, балаларды орналастыру формасын анықтайды, олардың алдағы уақытта оқуына және білім алуына бақылау жасайды;

·         Ата-ана құқығынан айыру және шектеу қою, т.б істер жөніндегі сотқа қатысады;

·         Халықаралық асырап алу жөніндегі құжаттарды дайындайды және сот отырыстарына қатысады.

·         Зейнетақы қорындағы жинақталған ақшаны беруге рұқсат беру, пәтерді кепілге беру мен сату жөніндегі азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге және қабылдауға қатысады;

·         Әкіммен шешілетін сұрақтар шешімінің жобасын дайындайды;

·         Білім бөлімімен, прокуратурамен, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясымен өзара байланысты іске асырады;

·         Білім мекемелеріндегі жетім балалардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларының сақталуын қадағалайды.

6.      Бөлім қызметкерлерінің құқығы

      Бөлім қызметкерлері құқылы:

6.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарындағы азаматтарға берілген құқықтары мен бостандықтарды пайдалануға;

6.2. Өз өкілеттілігі аясында сұрақтардың қаралуына және шешімдердің шығуына қатысуға, жауапты адамдардан және ұйымдардан шешімнің орындалуын талап етуін;

6.3. Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін бекітілген тәртіп бойынша ақпараттар мен материалдарды алуға;

6.4. Қызметтік міндетін атқару үшін бекітілген тәртіп бойынша мекемелерге баруға;

6.5. Басшысынан өзі атқарып отырған мемлекеттік қызметтің нақты міндеттері мен көлемін анықтап сұрауға;

6.6. Өз басшысынан және басқа да лауазымды тұлғадан, азаматтардан өзінің жеке басын сыйлауды, әділ және сыпайы қарым-қатынас жасауды талап етуге;

6.7. Заң аясында өзінің атқарған қызмет ақысын талап етуге;

6.8.   Бюджет есебінен қайта даярлау және біліктілікті жоғарылату;

6.9. Мемлекеттік қызметке қатысты материалдармен танысу, керекті жерлерінде жеке түсініктемелер беру;

6.10.        Өзінің біліктілігін, қабілетін, қызметтік міндеттерін ерікті түрде атқаратынын ескере отырып, қызметін алға өрлету;

6.11.        Қызметкердің пікірінше негізсіз кінәлау деп табылатын жағдайда қызметтік тергеу жүргізуді талап ету;

6.12.        Ауыр еңбек жағдайында еңбекті, денсаулықты қорғауға;

6.13.        Әлеуметтік және құқықтық қорғауға;

6.14.        Мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуге;

6.15.        Әлеуметтік және зейнеттік қамқорлыққа алынуға;

6.16.        Мемлекеттік қызметін дамыту үшін жоғары мемлекеттік ұйымдарға, қызметтегі жеке тұлғаларға ұсыныстар айтуға;

7.      Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

Бөлім қызметкерлері мыналарға жауапты:

7.1.Бөлімге тапсырылған тапсырмаларды орындауға;

7.2.Бөлімге тапсырылған тапсырмаларды өз уақытында орындамаса;

7.3.Өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті Қазақстан Республикасының бекіткен қолданыстағы заңы аясында сақтауға.

  

           АББ жетекшісі                                                           А.Сапарова