Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 процентке өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» компаниялары басым активтері мемлекет иелігінде болады. Кезінде мен «мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз» деп айтып едім.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Біздің ресми Интернет-ресурсқа қош келдіңіздер!
Сіздермен Медеу ауданы әкімі аппаратының ресми www.medeu.almaty.kz сайтында жүздескеніме қуаныштымын! Қазіргі заманға сай жоғары технологиялар ғасырында, ресми Интернет-ресурстың құрылуы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін «электронды үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Сайт беттерінен аудан мен аудан қызметтері туралы қажетті ақпараттарды алумен қатар, ауданда болып жатқан әр түрлі жаңалықтармен және қалада болып жатқан оқиғалармен дер кезінде таныса аласыздар. Сіздер өздеріңіздің толғағы жеткен, бірақ шешімін таппаған мәселелер туралы сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңыз бен игі тілектеріңізді тікелей атқарушы билік органдарында қызмет ететін мамандарға электронды пошта арқылы «Әкімге сұрақ» айдарынажазуларыңызғажәне тиісті жауаптарыңызды алуларыңызға болады...
14.05'12 №28 лицей оқушыларының осы лицейдің ең танымал түлегінің бірі О.Сүлейменовпен кездесуі.
2012 жылдың 14 мамырында №28 техникалық лицейінде оқушылардың, ұстаздардың лицей түлегі, ақын, жазушы және қоғамдық қайраткер Олжас Сүлейменовпен кездесуі.
14.05'12 «Алматы Қазақстан экономикасында жетекші рөл атқарады»,- Аурелия Бушез, ҚР-дағы Еуроодақ елшісі.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасындағы Еуроодақ Өкілдігінің басшы- елшісі қызметіне таяуда ғана тағайындалған Аурелия Бушезді қабылдады. Бұл - оның еліміз өңірлері бойынша алғашқы сапары. Бушез ханым әңгіме барысында Алматының Қазақстан экономикасында жетекші рөл атқаратындығын атап өтті.
13.05'12 Алматыда «Жеңіс күніне» арналған веложарыс болып өтті
Бүгін «Мәдениет жылы» және «Жеңіс күнін» мерекелеу аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен веложарыс болып өтті. Оған осы саланың кәсіби шеберлері, алматылықтар мен қала қонақтары қатысты.
09.05'12 Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығы мерекеленуде
Мерекелік шаралар 28-ші Гвардияшыл – панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюмен басталды. Аталған рәсімге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ардагерлердің қалалық Кеңесі, Қазақстан Республикасы генералдарының Кеңесі, Ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
08.05'12 Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовке 75-ке толған мерейлі жасымен құттықтаған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыс етті.
Өз хатында Мемлекет басшысы ұлттық театр және кино өнеріміздегі жетістіктерді тікелей Асанәлі Әшімовтың есімімен байланыстыратындығын айтқан.