A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ
Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ: Жауап:

24.02.2014 Жанаева Токжан Максутовна

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы! «Думан» ы/ауданында көшелерді тазалау жұмыстары санаулы көшелерде жүріп өтеді, қалған Қазығұрт көшесінен жоғары орналасқан көшелерде қыс мезгілі басталғалы бері жауылған қар бірде-бір рет тазаланған емес, осының салдарынан автокөлік жолдары бір аяқ жолға айналып автокөліктерді айтпағанда жаяу адамның жүруі мүмкін болмай отыр. Көшелерді қардан, күл-қоқыстан тазалау өз дәрежесінде жүрмеу салдарынан тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызып отыр. Осы мәселені өз тарапыңыздан бақылауға алып, жауапты мекемелерге тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсыруыңызды өтінеміз.

Жауап

Құрметті Тоғжан Мақсатқызы! Сіздің, думан ықшам ауданындағы Қазығұрт көшесінен жоғары орналасқан көшелердің санитарлық жағдайы жөніндегі сұрағыңыз бойынша сол орынға шығып қарастырдық, жоғарыдағы ықшам ауданның санитарлық жағдайына жауапты мердігер ұйым "АлатауАвтоСпецТехника" ЖШС. Сол себепті, аталған мердігер ұйымның басшысынан Алматы қаласы көріктендіру ережесінің талаптарына сәйкес, жұмыстарды уақытымен жүргізбегені үшін түсініктеме алынып, ескерту берілді. Қосымша, жоғарыда аталған көшелер арнайы техникамен (грейдер) тазартылып және мұзға қарсы материалдар себілгенін хабарлаймыз. 19.03.2014ж.

21.02.2014 Тілеубаев Шамек

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы, біз Медеу ауданына қарасты Қабанбай мен Бегалин көшелерінің қиылысқан тұсында жеке меншік үйлер секторында тұрамыз. Қабанбай көшесінің Қалдаяқов көшесіне дейінгі тратуарларының қыста қары күрелмейді, ал жазда қоқысы сыпырылмайды. Қыста жауған қар қалыңдап мұзға айналады, жазда ағаш жапырақтары мен қоқысқа толып жатады. Бұл траутарлармен жүретін адамдар үшін көп қиындықтар туғызады. Күн жылыған кезде қар еріп жүру тіптен қиындайды. Сонымен қатар тратуар бойына қойылатын машиналар жаяу жүргіншілірдің жүруін қиындатады. Әсіресе көшенің жоғары жағындағы тратуармен оқушылар мен балалы әйелдер жүргенде қатты қиындайды. Осы мәселелерге назар аударып, тиісті Басқармаларға қадағалауға тапсырма берсеңіз дұрыс болар еді.

Жауап

Құрметті Шамек! Жоғарыда аталған жаяу жүргіншілер жолының санитарлық жағдайына жауапты мердігер ұйым "Ұлғас Құрылыс" ЖШС. Сол себепті, аталған мердігер ұйымның басшысынан Алматы қаласы көріктендіру ережесінің талаптарына сәйкес жұмыстарды уақытысымен жүргізбегені үшін түсініктеме алынып, ескертілді. Қосымша, жоғарыда аталған аумақты арнайы техникамен тазалап және мұзға қарсы материалдар себілгенін хабарлаймыз. 19.03.2014ж.

12.02.2014 Тимур Жуманов

Қазіргі елде қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдайға байланысты Кармысова көшесінде орналасқан Ges-Servis СТО аяқ астынан қосалқы бөлшектерін (запчасть) 25 пайызға қымбаттатып отыр. Кеше қала Әкімінің бағаны қалыпта ұстап тұру керек деген еді. СТО-ның бұл әрекетін қалай бағалауға болады.

Жауап

Құрметті Тимур! Сіздің хатыңызды қарастыра отырып, қызметтердің және тауарлардың бағалары себепсіз өсуіне байланысты Сізге, Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы инспекциясына хабарласуыңызды сұраймыз. Мекен-жайы: Мақатаев көшесі, 117 үй, телефоны: 393-25-20. 07.03.2014ж.

27.01.2014 Берік Байымбетов

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы! Медеу ауданындағы Куратова көшесінен үй сатып алуды жоспарлап жүрмін. Бірақ кейбір сыбыстар ол көшенің бұзуға (снос) жататынын айтады. Бұл сөздер шынба (рас болса қашан), әлде ол аймақ бұзуға жатпайма? Жауабыңыз үшін рахмет!

Жауап

Құрметті Берік! Бұзылуға жататын аймақтар бойынша нақты ақпарат алу үшін Алматы қаласы Сәулет және қалақұрылыс басқармасына жазбаша түрде хабарласуыңызды сұраймын. Мекен-жайы: Абылай хан даңғылы, 91, телефон: 279-56-24, 279-56-32. 06.02.2014ж.

Страницы: Пред. 1 ... 8 9 10 11 12 Все